Колледжде алғаш рет «Электромонтаждау жұмыстары» құзыреттілігі бойынша қорытынды аттестаттау жаңа форматта - демонстрациялық емтихан түрінде өтуде.
Бұл құзыреттілік күрделі болып табылады, ол көптеген шығын материалдары мен өлшеу құралдарын қажет етеді. Бұл студенттер үшін де, комиссия мүшелері, оқытушылар үшін де жаңа және қызықты тәжірибе.
Демоемтихан - түлектерді даярлау сапасын тәуелсіз бағалау моделі, студенттерге өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді, заманауи маманға қажет кәсіби дағдыларды көрсетеді.
Демоемтиханына қатысу тек студенттің теориялық оқу барысында қалыптасқан білімі мен қабілеттерінің деңгейін бағалауға ғана емес, сонымен қатар болашақта мамандыққа ену үшін үлкен тәжірибе жинауға мүмкіндік береді, бұл өте маңызды, өйткені автоматтандыру процесі барлық жерде өндіріске енгізіліп жатыр.
Сондықтан жұмыс берушілер арасында осы құзыреттілікке ие мамандар үлкен сұранысқа ие болады. Бұған дәлел бүгінгі демоемтихан кезіндегі сараптама комиссиясының мүшесі, «Тиберти -Электрик» ЖШС директоры Л. В Найденованың 2 модуль нәтижесі бойынша екі студентті электрик болып жұмысқа шақыруы мысал бола алады. Түлектерімізге сәттілік!