Мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Мұқашевтың туғанына 94 жыл толуына орай ұйымдастырылған апталық аясында С.Мұқашевтың жүріп өткен өмір жолы мен елі үшін қызмет еткен ерең еңбегін келешек ұрпаққа насихаттау жолында ВТиПОа-20 тобы мен УиАб-20 оқу топтарының арасында «Өмір жолы-өнеге» тақырыбында брейн-ринг интеллектуалдық ойыны өткізілді.
Қазақ даласының дара тұлғасын еске алып, еңбегін студенттерге таныстыру мақсатында өлкеміздің өсіп - өркендеуіне айрықша үлес қосқан қоғам қайраткерінің еңбек жолына арналған бейнесюжеті көрсетіліп, өмірі, атқарған қызметтері, жазған кітаптары, алған марапаттары туралы сұрақтар қойылып, төккен тері мен адал еңбегінің арқасында ұзақ жылдар бойы басқарушы лауазымда жүріп, көптеген жас мамандарға өмірлік жолдама берген білікті ұстаз екендігіне тағылымы мол танымдық шара болды.
Өткізіліп отырған шараға студенттеріміздің тыңғылықты дайындықпен келгендігі көрінді.
Интеллектуалдық ойын қорытындысы мен әділқазылардың шешімі бойынша ВТиПОа-20 тобы жеңімпаз деп танылды.
Құттықтаймыз