16 қазан күні Облыстық колледж студенттері арасында Президенттік көпсайыс өткен болатын. Көпсайысқа облысымыздың 11 оқу орнынан командалар қатыса отырып, үздік атану үшін жарысқа түсті.
Алайда, барлық командаларды басып озып, Аязбаев Мейрамбек (ЗЧСа-18), Тушканов Александр, (ТЭМОа-19),Русаков Анатолий (ВТиПОа-20), Гузев Данил ЗЧСа-19 студенттері командалық есеп бойынша топ жарып 1-орынды жеңіп алды
Айта кететіні, студенттеріміз үнемі колледжіміздің атын шығарып, осы уақытқа дейін өткен жеке біріншіліктерден жүлдегерлер атанған. Бүгінде қанжығамыз 4-алтын медальге толды. Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Біз сіздермен мақтан етеміз