Жаңа жыл барлығымызға ерекше қуаныш сыйлайтын мереке.
Бүгін әдемі безендірілген шырша жанында колледж студенттерінің «INFINITY» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа 2022 жыл» атты ерекше қамқорлықты қажет ететін студенттермен тамаша кеш өтті.
2020 жылы қыркүйек айында құрылған студенттік ұйым «INFINITY» жақында Студенттер альянсы ұйымдастырған облысымыздағы барлық студенттік ұйымдар ішінен Ең үздік студенттік ұйым номинациясының жеңімпазы атанғаны біз үшін мақтаныш. Алға қарай да жаңа бастамалардың жанашыры болып, студенттердің барлық іс-шараларына қолдау білдіретіні сөзсіз. Сонымен бірге жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
Ерекше кеш ән-би шашулар, қызықты ойындар мен байқаулар болып, көңілді көтеретін би кешіне ұласты.