«INFINITY» өзін-өзі басқару ұйымы үздік атанды!
«Jas Otan» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалының қолдауымен, Атырау Студенттер Альянсының ұйымдастыруымен өткен «BIZDIN Премия-2021» салтанатты кешінде колледжіміздің өзін-өзі басқару ұйымы «Үздік студенттік ұйым» номинациясымен марапатталды.
Оқу-тәрбие процесінің проблемаларын шешуде колледж әкімшілігінің таптырмас көмекшісі бола білген «INFINITY» өзін-өзі басқару ұйымы президенті Сайполла Бектас пен оның командасын марапаттарымен құттықтаймыз.
Үздіктер қатарынан көріне беріңіздер!