Жас педагогтардың кәсіби өсуіне және шығармашылық дамуына бағытталған жұмыстар жалғасуда.
Жас мамандар мектебі аясында әр жас маманға тәлімгер тағайындалып, мамандардың кәсіби деңгейін жетілдіру, бағыт-бағдар беру жұмыстары оқу жылы бойына жүйелі түрде атқарылып келеді.
Жас мамандарға “Нормативтік құжаттарға сәйкес оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу ерекшеліктері” тақырыбында семинар ұйымдастырылып, жұмыс оқу бағдарламаларын жасақтауда оқыту нәтижесіне сәйкес бағалау критерийлерін құру, сапа менеджмент жүйесі бойынша оқу әдістемелік құжаттарды рәсімдеу, өзіндік білімін көтеру жоспарын жасақтау, оқу-әдістемелік кешеннің құрылымын құруға бағытталған әдістемелік кеңестер берілді.
Семинар соңында педагогтар пікір алмасып, жаңа-жылға арнап бір-біріне тілектерін білдірді.