Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
Білімді, таланты мен дағдысының арқасында табысқа жеткен үздік студенттерді марапаттау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен биыл үшінші рет өткізіліп отыр.
Мастер-кластар, тренингтер мен жеке және кәсіби өсу курстарынан өтіп, «Үздік студент» медалімен мараппатталған Жандос, Жанарыс, Темірлан, Ғалиасқар студенттерімізді құттықтаймыз.