Кеше колледжіде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Worldskills – шеберлікке қадам: дағды - тәжірибе - нәтиже» республикалық семинар – практикум жоғары деңгейде өтті.
Жиынды «Талап» КЕАҚ-ның Worldskills қозғалысы бойынша басқарма басшысы Р. Гасимов алғы сөзбен ашып, Ресейдің Омбы өндірістік-экономикалық колледжі мен В. Лушников атындағы Қазан мұнай-химия колледжі басшылары онлайн режимде өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар 2021 жылдың Ұлттық чемпионатында «Электромонтаждық жұмыстар» компетенциясы бойынша тәуелсіз сарапшы болған «Тенгизшевройл» ЖШС, «Tesla TAH» ЖШС-нің өкілдері Олжағалиев Багдат, Силин Виталий қатысып өз пікірлерін, яғни оқу процесіне және білім деңгейін бағалау жүйесіне WorldSkills халықаралық стандарттарын бейімдеу және енгізу, келтіру, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті техника саласындағы мамандарды даярлау бағытына нақты ұсыныстарын берді.
Семинарда кәсіптік-техникалық білім беруді жоғары сапада дамыта түсу, Worldskills халықаралық қозғалысының талаптарын қолданысқа батыл енгізу, озық педагогикалық тәжірибелерді үйрену мәселелері ортаға салынды.
Екінші бөлімінде практикалық тұрғыда 12 компетенциядан колледжі сарапшылары мен студенттері кәсіби сайыста жинаған тәжірибелерімен түйгендерін әріптестерімен бөлісіп, одан әрі жақсарту бағытында ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Е. Хамзин «Үздік маман» медальон иегерлері - 10 студентті марапаттау рәсімі осы бас қосудағы ең есте қаларлық қуанышты сәті болды. (Негізгі орындар бойынша марапаттау Елордада болғаны белгілі)
Семинар барысында Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңындағы биік рух сезіліп тұрды. Мұндай достық көңіл-күй көрші ресейлік әріптестердің сөздерінен де байқалды – олар сөз басын Тәуелсіздігімізбен құттықтаудан бастады.
Жоғары деңгейде өткен семинар-практикум ертеңгі күннің межелерін де белгілеп, оларды іске асырудың жолдарын да көрсетті.