Жыл сайын колледж ақылы негізде білім алып жатырған студенттерге қолдау көрсету мақсатында жан-жақты жұмыстануда.
Биылғы оқу жылының ішінде бірнеше мекемелермен келіссөз жүргізіліп, 60-тан астам студент тегін білім алуға мүмкіндік алды.
Соның ішінде "Kazenergy" Ассоциациясы, "Сазанқұрақ" ЖШС, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС, "АП-Нафта" ЖШС мекемелері жыл сайын студенттерімізге оқу ақысын төлеуге қолдау білдіріп келеді.
Аталмыш мекемелер қатары "Байтау Партнерс" ЖШС мекемесімен толықты. Мекеме тарапынан көп балалы, аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатырған, болашақ мұнай саласының білікті кадрлар қатарын толықтыратын 8 студент тегін білім алатын болды.
Колледж тарапынан мамандар дайындауда, студенттерімізге қолдау білдіріп жатырған мекеме басшылықтарына алғыс білдіреміз