«Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі» КМҚК - Атырау облысында 24 мамандық бойынша даярлауды жүзеге асыратын ұзақ жылдық тарихы және қалыптасқан дәстүрі бар, байырғы жетекші оқу орны. 2018 жылдың 20 желтоқсан күні колледж институциональды және 10 мамандық бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
Аккредитация жүргізуді рәсімдеу бізге не берді?
Колледж ҚР Білім және ғылым министрлігі мен мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын білім беру ісіндегі басты жаңалықтардың белсенді қатысушысы бола отырып, модульдік бағдарламаларды әзірлеу бойынша жұмыс жасайды, білім берудің қосарлы жүйесін енгізудің тәжірибелік алаңы болып табылады. Колледжді аккредиттеу нәтижесі оқу үшін қолайлы жағдайлар туғызып, нарықтық талаптарға жауап беретін қажеттіліктерді түсінуге және болжауға қолайлы жағдайлар қалыптастырды.