Халықаралық байланыс студенттердің білім беру дайындығының сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылатын колледж қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады, білім беру сапасын және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етудегі маңызды құрал болып табылады.
Халықаралық байланыстың негізгі бағыттары:
-колледждің білім алушылары мен оқытушыларын оқыту, біліктілігін арттыру, педагогикалық қызметті жетілдіру мақсатында басқа елдердің білім беру ұйымдарына жіберу;
-басқа елдердің білім беру ұйымдарымен желілік өзара іс-қимыл;
-халықаралық ұйымдардың қызметіне, халықаралық білім беру, ғылыми-зерттеу, шығармашылық жобаларды, конференцияларды, семинарларды өткізуге қатысу, оқу-ғылыми әдебиеттермен алмасу.
Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде кәсіптік білім беру мекемелері мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылының тиімді модельдері мен тетіктерін әзірлеуге және енгізуге бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізу мақсатында мынадай меморандумдар жасалды:
№ |
Оқу орындары |
Жасақталған Меморандумдар |
1 |
Қазан қаласының В.П.Лушников атындағы мұнай-химиялық колледжі |
18 мамыр 2018 жыл |
2 |
Омскі өндірістік-экономикалық колледжі |
28 ақпан 2020 жыл |
3 |
Новгород химиялық индустриальды техникумы |
15 қыркүйек 2017 жыл |