21-ғасыр студент жастарында өздеріне тән мінез бен сан алуан өзіндік бір ешкімге ұқсамас ойлау қабілеттері өте қатты дамыған. Колледжіміз креативті жастарға толы. Алайда осы бір қабілетке толы студенттерді белгілі бағытқа баули алу оқытушыларымызға қазіргі таңда ең керек қасиет болып табылуда.
Осы тұрғыда жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша штаттан тыс тренер, педагог-зерттеуші Тасимова Лаззат әдістемелік көмек беру және өзара оқытушылармен тәжірибе алмасу мақсатында вебинар өткізді.
Вебинар барысында дағды түрлері, жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспарын құруда студенттердің рецептивті дағдыларын дамытуға аса мән беру, оның қажеттілігі туралы өз тәжірибесімен бөлісті.