Мамыр айындағы атаулы мерекелер кезінде колледжіміз мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беру мақсатында «Бұл мамандық иесі...» атты онлайн-квест өткізді. Квестке 36 талапкер қатысып, 3 жүйрік алға шығып, жеңімпаз атанды! Infinity өзін өзі басқару құрылымының мүшелері жеңімпаздармен кездесіп, алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыстады. Жеңімпаздарымыз 9- сынып аяқтаған соң, колледжіміздің студенттер қатарына қосылуға ниеттерін білдірді.
Құрметті талапкерлер!
Мамандық таңдауда сұрақтарыңыз болса, біз сізге көмектесуге дайынбыз!