Бүгін алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні бойынша 5 күндік оқу-дала жиынының ашылу салтанаты өтті. Әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы өткен ашылу салтанатында арнайы қонақтарымыз төбе көрсетіп, студенттерге жылы лебіздерін білдірді.
⠀5 күндік оқу-дала жиынының басты мақсаты- жастарды отан сүйгіштікке баулу, патриоттық сана сезімін арттыру, әскерге дейінгі дайындықты қалыптастыру.
⠀17-21 аралығында онлайн форматта өтетін әскери оқу-дала жиынына қатысушыларға сәттілік тілей отырып, жас ұрпақтың ел тірегі боларына сенім білдіреміз!