Бір апта бойы студенттерге әскери және медициналық білімдерін жетілдіру мақсатында өтіп жатқан бес күндік оқу-дала жиынының бүгін төртінші күні өтті.
Студенттердің білімін, күш-жігерін арттырып, Отан сүйгіштікке баулып жүрген әскери мамандарымыз әр теориялық дәрістен кейін студенттермен практика жүзінде де дайындық жасауда.
Бейсенбі күнгі сабақта ер балаларымыз сақшының міндеттері және бекеттегі сақшының міндеттері және орындайтын әрекеттері. Әскери сәлемдесу. Саптық жарғылары, сонымен қатар саптан шығу және қайта сапқа тұру. Саптық тәсілдер және қарумен орындалатын қимылдарын теориялық және практикалық жүзінде үйренді.
Қыздарымыз үсудің алдын-алу және осы кезде алғашқы медициналық көмек көрсету. Күн және ыстық өту туралы түсінік, олардың алдын-алу және медициналық көмек көрсету бойынша өз білімдерін одан әрі арттырды.