«Химиялық технология және өндіріс» мамандығының 3-ші курс студенттері Гусманов Нұрболат пен Нұрбергенов Мади арнайы пән оқытушысы Қ.Кузембаеваның жетекшілігімен халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен «COVID19 індеті жағдайында қашықтықтан оқытудың аспектілері» тақырыбында Республикалық ғылыми зерттеу конференциясына қатысты. Студенттер онлайн форматта «Сутегі экологиялық таза және жаңартылған ресурсы ретінде» тақырыбында жобаларын қорғап, арнайы сертификаттармен марапатталды.