Атырау қаласының жастары арасында интеллектуалды орта құрып, бәсекелестікке қабілетті тұлғаларды қалыптастыру мақсатында «ҚР Мемлекеттік рәміздері» күніне орай «Білім ринг» интеллектуалды сайысы өткізілді.
Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Ақсұңқар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен сайысқа қаламыздың университеттері мен колледждерінен құрылған 6-команда қатысты.
Біліммен қатар зияткерлік, зеректік қабілеттері сынға түскен сайыста жүлделі 2-орынға ие болған колледжіміздің жастарын құттықтаймыз.