«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін жандандыру мақсатында «Білім беруді трансформациялаудың өзекті бағыттары» тақырыбында өткен облыстық педагогикалық оқуларына колледж оқытушылары белсене қатысқан болатын.
Шығармашылық ізденісімен көзге түскен ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Едігеева Ләйла Исабекқызы "Құрмет грамота"-мен марапатталса, математика пәнінің оқытушысы Ыдырысова Әйгерім Мақсетқызы "Алғыс хат"-пен марапатталды.
Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз.