Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжімен колледж арасында тәжірибе алмасу және кәсіптік маман даярлаудың заманауи әдістері мен тәсілдерін жетілдіру бағыттарында жылма-жыл өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізіледі.
Осы бағытта Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің директордың орынбасарлары, әдіскерлері, өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылары Атырау қаласына келіп, әріптестерімен кездесіп, әдістемелік жұмыс бағыттарымен колледж педагогтарының қолданатын жаңа инновациялық технологияларын көріп, бейне сабақтар мен цифрлық білім беру ресурстарымен және материалдық-техникалық базамен, оқу кабинеттері мен зертханаларда жасалатын жұмыс барысымен танысты.
Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Дана Кожахметова колледж ұжымының жұмысын жоғары бағалап, қазіргі креативті жастар үшін колледжде кәсіби білім алу үшін ең жақсы жағдайлар жасалғандығын атап өтіп, ұжымның алдағы жұмыстарына шығармашылық табыстар тіледі.
Оқу-әдістемелік бірлестігі директорының орынбасары Гүлмира Калиева WorldSkills байқауларын өткізу, «Инженерлік графика» құзыреттілігі бойынша студенттердің сызба жұмыстарын жүргізуде сауаттылықтарын арттыру бағытында бірлесіп сызу пәнінен олимпиада өткізу, техникалық және кәсіптік білім берудің қол жетілімділігін, сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын колледж арасында ұқсас мамандықтарға енгізуді ұсынды.
Кездесу соңында колледж басшысы Б.Шеркешбаева өзара тиімді ынтымақтастық үшін колледж әрқашан дайын екендігін айта кетіп, қонақтарға ризашылығын білдірді.