Мемлекет және қоғам қайраткері ойшыл, тәлімгер, отаншыл азамат Саламат Мұқашевтың туғанына 94 жыл толу мерейтойына орай өмір жолы мен ел үшін ерен еңбегін келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында, колледжде «Тарих. Тағдыр. Тұлға» телебағдарлама негізінде «Еңбегін елі елеген» атты отбасымен кездесу өткізілді.
Кездесуге Саламат Мұқашевтың ұрпағы Дәулетов Болат, шөбересі, колледжіміздің студенті Болат Алихан және ардагер ұстаз Қарамырза Болат Қонысұлы шақырылды.
Шара барысында мұнайшы ардагер Болат Өтебаев өзінің үзеңгілес досы Саламат Мұқашұлының жүріп өткен дара жолын, өткен өмірін, өз істеген ісінің, ерен еңбегінің майталманы екені туралы бейнетаспада естеліктерімен бөлісті.
Сонымен қатар, 1 курс студенттері Саламат Мұқашевтың өмірімен танысып, оған арналған өлеңдерді оқып, бұрғышылардың ерен еңбегін шағын көрініс арқылы әсерлі жеткізсе, колледж студенті Қазбекова Сарбиназ шара барысында бейнелеген өз туындысын, яғни, Саламат Мұқашевтың портретін студент ұрпағына сыйлады.