Өңірдегі мұнай-газ саласына қажетті мамандарды дайындау, практикаға негізделген оқу процесін ұйымдастыру мақсатында "Мұнай және газ кенорындарын пайдалану" мамандығы бойынша 3,4 курстың 21 студенті мекемеге қарасты кенорындарда дуалдық жүйе бойынша практикадан өтуге сұхбаттасудан өтті.
Мекеме тарапынан колледж студенттеріне теориялық білімдерін өндірісте тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берілетіндігі қуантарлық жағдай.
Сұхбаттасуды өткізген "Ембімұнайгаз" АҚ-ң персоналды басқару департаментінің жетекші инженері С.Жолдасұлы пен мұнай және газ өндіру департаментінің аға инженері Н.Қобландиев колледж студенттерінің білім көрсеткіші жоғары оқу орындарының студенттерінен қалыспайтындығын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, колледж студенттері 2020, 2021 жылдары «Ембімұнайгаз» АҚ мекемесіне қарасты «Жайықмұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз» басқармаларында (МГӨБ) вахталық әдіс бойынша жұмыс істеп, дуалды оқыту аяқталғаннан кейін біліктілік емтиханын тапсырып, біліктілік санаты беріліп, еңбек кітапшалары табысталған болатын.
Колледж тарапынан мекеме басшылығына мамандар даярлау ісіне қолдау білдіргені үшін алғыс білдіре отырып, студенттерімізге сәттілік тілейміз.