24 қаңтарында ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында ұйымдастырылған "Арыңды сақта, бойжеткен" тақырыбында колледж қыздарымен кездесу шарасы онлайн форматында өтті. Бұл шараға 1-4 курс аралығындағы колледж қыздары қатысты. Шара қонағы қалалық №3 емхана жанынан ашылған "Үміт жастар орталығының" гинекологы Пернебеков Иман Серикбекович пен психолог Болтаева Айнура Жумабаевна қатысып, ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, жүктіліктен сақтану жолдары тақырыбында қыздарға мәліметтер берді. Шара соңында студенттердің қойған сұрақтарына мамандардан тарапынан жауаптар беріліп, психологиялық саулықты нығайту және жыныстық сауаттылықты арттыру мақсатында кеңестер берілді.