«Заманауи білім беудің әдістемесі, мазмұны және сапасы» тақырыбында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен өңірлік семинар ұйымдастырылып, өңіраралық тәжірибе алмасу жұмыстарына Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 300-ден аса директордың орынбасарлары, әдіскерлері, оқытушылары қатысты.
Семинар жұмысына колледждің оқытушысы Лайла Едігеева қатысып, кәсіби шетел тілін үйретуде cтуденттердің оқылым және айтылым дағдысын қалыптастыруда OnlineTestPad платформасының ерекшелігі туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
«Ақтөбе құрылыс және бизнес» колледжінің жұмысшы кадрлардың кәсіби біліктілігін бағалаудағы демонстрациялық емтихан өткізу тәжірибесі тыңдалып, Маңғыстау политехникалық колледжісі үздік инновациялық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату бағытындағы оқу орнында іске асырылып жатырған STEM технологиясы бойынша эксперименттік алаңның жобасымен бөлісті. Семинар соңында қатысушылармен ашық диалогтық алаң орнап, сұрақтар қойылып, ұсыныстар берілді.