Студенттердің теориялық, практикалық білім алумен қатар, мекемеден арнайы шақырылған мамандардан білім алу, сұхбаттасу мақсатында ұйымдастырылған «Мұнай өнімін іздеу, барлау және пайдалануға жіберу жұмыстары» тақырыбында мұнай бөлімі студенттерімен арнайы қонақ дәрісі өтті.
Дәріс қонақтары «БатысГеоЗерттеу» ЖШС мекемесінің директоры – Нұрмұханов Қайрат Өмірұлы және «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» мекемесінің бас геологы – Бисенова Дина Қасымовна келген болатын.
Еңбектің басы қасында тер төгіп жүрген, тәжірибеге қанық болған мекеме қонақтары колледж студенттеріне ауқымды ақпарат беріп, білім нәрімен сусындатты.
Қонақ дәрісін ұйымдастырушы: өндірістік оқыту шебері Ж.Арыстанбекова