Студенттерді тәрбиелеуде ерекше идеяларды, керемет шешімдерді, жаңа бір нәрсені ойлап табуда қабілеті жоғары деген колледжіміздің кураторларына бүгін «Креативті куратор-2022» колледжішілік байқауы ұйымдастырылды.
Бұндай қабілетке ие кураторлардың алдынан тәрбие алған студенттеріміздің белсенділік көрсеткіші жоғары, қоғам және кәсіби ортаға бейімделген, білімді де білікті тұлға болары сөзсіз.
«Танысыңыз! Бұл-Куратор», «Арт-жоба: куратор күнделігі» және «Куратор блогы» бөлімдерінен тұратын үш кезеңде өзінің жас буын өкілдерін тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдерімен ерекшеленген ТЭМОа-21 тобының кураторы Э.Суесинова бірінші орын алып, алдағы облыстық байқауға жолдама алды.