Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығы Кеңес беру бөлімінің ұйымдастыруымен 3 ақпан күні жастарға арналған интеллектуалды ойын болып өтті. Дүбірлі додаға біздің колледжімізден 12 студент барып, өзінің жүлделі орындарын иеленіп келді. Ойын барысында 3 командаға бөлініп, студенттер бақтарын сынады. Бұл сын жастарға ойын арқылы командалық рухты және топта жұмыс істеу негіздерін толықтай түсіндіру болатын. Интеллектуалды ойын қызықты форматта өткізіліп, ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.