Электротехникалық пәндер онкүндігі аясында 10 ақпанда "Стартапты қалай бастау керек. Бизнес-инкубаторлар құру" тақырыбында біздің колледждің түлегі, "Альдана" туристік агенттігінің директоры және бизнес - ханым Өтеғалиева Айгүл Аманқосқызы 1-2 курс студенттерімен кездесу өтті.
Тренинг барысында студенттер өз ісін бастапқы капиталсыз қалай ашуға болатынын, "ақшалай лифт" деген не, банктермен қалай жұмыс істеу керек, "бизнес-періштелер" деген кім, инвесторларды қалай табу керек және бизнесті бастаудың басқа да құпиялары туралы білді.
Студенттерді стартап-жобаларды дамыту, бизнес-идеяларды генерациялау, жастар ғылымын, кәсіпкерлікті қолдау және басқа да көптеген мүмкіндіктер қызықтырды.
Тренинг барысында студенттер бизнес-жоспарларды өз бетінше құрастырды, өздерінің бизнес-идеяларын ұсынды, ойын стартаптарының процесінде өте белсенді сөз сөйледі.
Айгүл Аманқосқызы атап өткендей: "ынтымақтастықты жалғастыру және нығайту қажет! Балалардың қызығушылық танытып, бизнес-стартап және болашақта өздерін кім көретіндігі туралы түсініктері бар екендігі өте жақсы.