Екі кезеңнен тұрған мектеп оқушыларына арналған пәндік олимпиада өз мәресіне жетті.
Бірінші кезеңде білімдерімен алға оза шығып, көзге түскен оқушылар олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алған болатын.
Екінші кезең «IQ doda» интеллектуалды сайыс түрінде өткізілді. Алты кезеңнен тұрған бұл сайыста жалпы білім беру пәндері толық қамтылып, қалалық 4 орта мектептің оқушыларыоқушылар тағы бір мәрте өз білімдерін сынады.
Сайысқа қатысқан мектеп оқушыларының қызықты тартысы нәтижесінде
1 орынмен- № 34 көп салалы мектеп-гимназиясы
2 орынмен- № 27 И.Тайманов атындағы орта мектеп
3 орынмен- №36 мектеп-гимназиясы
Алғыс хатпен- Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп оқушылары марапатталды.
Додаға қатысқан, Polytech үздіктері қатарына қосылуға ниеті бар оқушылар, шәкірттеріне қолдау білдіруге келген мектеп оқытушылары жылы лебіздерін білдірді.