ТжКББ ұйымдарының 80-нен астам өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары арасында «Менің әдістемелік шеберханам» атты шеберлік сыныптардың онкүндігі аясында колледждің өндірістік оқыту шебері Ж.Арыстанбекова "СББ станогында токарлық жұмыстар" құзыреттілігі бойынша Ecoline станогымен жұмыс, арнайы пән оқытушылары З.Эльдарова Cisco Packet Tracer модельдеу бағдарламасымен "Исследование процессов передачи сообщений в локальной сети" тақырыбында тәжірибелік сабақ, Б.Саханова "Ақпараттық кабельдер" құзыреттілігі бойынша практикалық сабақтарды өткізу тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық деңгейде ұйымдастырылған әдістемелік шара барысында педагогтар пайдалы ақпаратпен бөлісе білді.