Электротехникалық бөлімінің арнайы пәндер оқытушылары М. Шаеденов пен М.Тукпатова "Электр энергетикасы саласы бойынша кәсіби құзыреттілікті дамыту"тақырыбында біліктілікті арттырудың тәжірибеге бағытталған курстарынан өтуде.
36 сағаттық курс "Астана электротехникалық зауыты"ЖШС базасында офлайн форматта ұйымдастырылды.
Бұл курстардың ерекшелігі-тікелей кәсіпорында оқыту. Тренерлер ретінде өндірістен мамандар тартылды, бұл Педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттыруда айтарлықтай нәтиже береді.
Курстық оқытудан өту біздің педагогтарға өндірістің заманауи технологияларын қолдану, электр жабдықтарын жобалау бөлігінде пайдалану бойынша практикалық білім алуға мүмкіндік береді. Осындай мүмкіндік үшін ұйымдастырушыларға рахмет.