28 ақпан күні мұнай-химия ПЦК апталығы аясында «Дуальды оқыту-маман дайындауда тиімді жүйе» тақырыбында түлектермен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге «Тенгизшевройл» ЖШС компаниясында оператор қызметін атқарып жүрген Қарабалаев Қуантай, Қалыбаев Ризабек және Мақсотов Мәди, Атырау облыстық ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ мекемесінен Нәсіпбаев Самғат және "Ак-Жайык-7" ЖШС директорының сапа жөніндегі орынбасары Шотанова Гүлжамал Алдановна қатысты.
Колледж қабырғасында дуалдық жүйе бойынша білім алып жүріп, жұмысқа орналасқан колледж түлектері өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыс берушінің болашақ маманға қоятын талаптары туралы айтылды.
Кездесу студенттерге жас мамандармен пікір алысуға, өздері таңдаған мамандығына жүйелі көзқарас қалыптастыруға, мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт берді.
Студенттерге теориялық білімнің маңызын және оның сұхбаттасу кезіндегі мәнін сөзге тиек ете отырып, жұмысқа орналасу барысында кездесетін қиыншылықтармен және оларға қалай төтеп беру керектігін айтып өтті.