Осы тақырыпта мұнай-химия ПЦК апталығы аясында колледжде педагогтерге арналған семинар-тренинг өтті.
Тренинг барысында директордың ғылыми әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Кереева адамның DISC төрт секторлы іс-қимыл моделін түсіндіру арқылы адамдармен қарым-қатынас орнату, мақсатқа жетудің қадамдары, өзін-өзі ұстай білу түрлері, мінез құлық факторлары, тиімді коммуникацияны жүзеге асыру және техника түрлерін көрсетті.
Педагогтерге аудиториямен байланыс орнатуда ойды дұрыс жеткізу, негативті қатынасты бәсеңдету, сыншы аудиторияға дайындалудың қадамдарын практикалық түрде көрсетіп, кеңестер берді. Семинар-тренингке қатысқан педагогтар берілген тапсырмаларды орындап, бір-бірімен қолайлы қарым-қатынас орната білді, көпшілік алдында тиімді сөз сөйлеу дағдыларын дамытты.