ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Атырау облысының білім беру басқармасының әдістемелік орталығы мен С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің «Заман талабы – болашақ мамандардың мотивациясы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция жұмысына 40-тан астам облыстың ТжКББ оқу орындарының студенттері 3 секция бойынша қатысты. Секциялық жұмыстар болашақ мамандардың инновациялық бағыттары мен перспективалық идеялары, STEM технологиялар мен стартап жобалар, цифрлық бағдарламалар мен платформалар және қоршаған ортаны қорғау бағыттарында болды.
Конференция жұмысында аудандық және қалалық колледждердің студенттеріне пікір алмасуға диалог орнап, өзара тәжірибе алмасуға айрықша мүмкіндік орнады. Қатысушылар әр-түрлі тақырыпта баяндама жасап, секциялық жұмыстар өнімді, әрі нәтижелі болды. Индер аудандық көп бейімді ауылшаруашылық колледжінен «Физикалық факторлардың экологияға әсері мен зияны» тақырыбында қатысқан Сансызбай Райымбек, Мед-Профи Жылыой колледжінен «Бөлмедегі өсірілген алқа тұқымдас өсімдігінің биологиялық маңыздылығын анықтау» тақырыбында Асқарова Асемгуль, Атырау сервис колледжінен «Современные требования – мотивация будущих специалистов» тақырыбында Семиончева Анастасия, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінен «Эко жолдар» тақырыбында Нұрбергенов Мади және «Көміртектес материалдарды қайта өңдеу» тақырыбында Гусманов Нұрболаттың жұмыстары ерекше аталып өтілді. Секциялық жұмыстар қорытындыланып, баяндама жасаған студенттерге бірқатар ұсыныстар берілді.