8-наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында жоғары колледжімізде «Ханшайым CUP» атты жастар арасында облыстық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Турнирге облысымыздың мектептері мен колледждерінен 20 фракцияда, 40 спикер аруларымыз қатысты.
«ULTTYQ PIKIRSAIYS FEDERATSIIASY» және «Атырау пікірсайыс орталығы» мен «JasOtan» жастар қанатының қолдауымен өткен бұл турнирде колледжіміздің дебат клубы мүшелері Смагұл Айбек «Үздік төреші» номинациясын иеленсе, Ұзақбаева Мадина мен Мұзаппар Жанерке алғыс хатқа ие болды.