Қазақтың ұлттық киімдерінің әсемдігі сондай, халқымыздың ақыл-ойы мен биік эстетикалық талғамының жоғары екендігінің дәлелі болса керек.
Дәстүрге бай Қазақ халқы шапанын, қамзолын, тақия мен бөрігін айрықша киелі киім санап, қадір тұтқанын болашақ жастарға таныстыру мақсатында киелі де қасиетті киімдерді насихаттау үшін «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесіне орай технология бөлімі «Қазақтың ұлттық киімдері» фестивалін ұйымдастырды.
Шарада қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрінің киім жиынтығындағы көрінісі болып табылатын - Этно киімдер, қазақ қызының сұлулығын әсемдей түсетін - қос етек көйлектер, жағалы шапандар, бас киім түрі кимешек, тақия, бөрік сияқты үлгілері таныстырылды. Сонымен қатар ойлы халқымыз ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен бойына қарап бағалағанын ескере отырып ұлттық нақышта ою-өрнектері бейнеленген арулардың әшекей бұйымдары да таныстырылды.