Қазақтың музыкалық аспаптары — ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра.
Ұлттық аспаптарды және қолөнері дамыған қазақтың тұрмыстық заттарын насихаттау, қайта жаңғырту, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мейрамына орай мұнай бөлімі «Қазақ халқының ұлттық аспаптары және тұрмыстық заттары» фестивалін ұйымдастырды.
Шарада қазақтың ұлттық аспаптарының үрмелі, ішекті, шалып ойнайтын, соқпалы сияқты түрлері таныстырылды. Студенттер домбыраның қоңыр үні мен киелі деп танылатын қобыздың қасиетті үнін аспаптарында шырқады.
Сонымен қатар, бабаларымыздан ұмыт қалған асыл мұрамызды ардақтап, қайта жандандыру мақсатында тұрмыстық заттар да таныстырылды.