"Едил-Орал.kz" ЖШС-мен өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында халықаралық аккредиттеуден өтуді сүйемелдеу бойынша белсенді бірлескен жұмыс басталды.
Аккредиттеуден өту тәжірибесі бар және IEC халықаралық сертификаты бар компания өкілдері колледждің материалдық-техникалық базасына аудит жүргізді.
Мекеменің даму жөніндегі директоры С.Аманғалиев, өндіріс жөніндегі директоры Sebastian Glazer, бизнесті дамыту жөніндегі директоры Andrew Davidson базамен егжей-тегжейлі танысып, оқытушылармен әңгімелесті және іс-қимылдың келесі бірлескен қадамдарын анықтады.
Ал біздің келесі қадамымыз-бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқытушылардың біліктілігін арттыру және оларды сертификаттау.
Жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз