Колледжде Кеңес Одағының екі мәрте батыры, авиация генерал-майоры Т.Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған «Біз еліміздің патриотымыз» тақырыбында әскери-спорттық сайысы өтті. «Атыс дайындығы», «Мергендер сайысы», «Азаматтық қорғаныс», «Дәрігерлік көмек» және «Әскери-патриоттық ән» турларынан тұратын шараға 7 топ қатысты. Әскери-спорттық жарысты әділ бағалауға Қарулы Күштер ардагерлері және Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстары бойынша департамент бастығының орынбасары, подполковник А.Айтенов, қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары, штаб батығы подполковник Б.Омарқұл қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-орын АТП-21, 2-орын ТЭМОа-21 және 3-орын РЭиСа-21 тобы иеленді.