"Infinity" студенттік парламент Ecodamu орталығымен келісім жасады
Студенттердің бойында экологиялық сауаттылықты, қоршаған ортаны қорғау дағдыларын қалыптастыру мақсатында колледжде "Жасыл колледж" жобасы іске асырылмақ.
Ecodamu орталығымен келіссөздер жүргізіліп, орталықтың негізін салушы М.Дакенов қоқыстарды сұрыптау бойынша студенттер мен оқытушыларға семинар өткізіп, колледжбен келісімге отырды.
Қоқыстарды жинау мақсатында колледждің барлық қатарларына қағаз және пластик жинауға арналған арнайы Эко бокстар қойылды. Эко орталық жиналған қоқыстарды қайта өңдеу мақсатында ай сайын алып кету жұмыстарын міндетіне алды. Осылайша біздер ағаштарды, су көзін, қоршаған ортаны қоқыстан тазартуға аз да болса, өз үлесімізді қосатын боламыз.
Барлық оқытушыларды, студенттерді Zero Waste экологиялық қозғалысын қолдауға, қоршаған ортаны қоқыстан тазартуда үлес қосуға шақырамыз.