Колледжде жас мамандарға арналған семинар-тренинг өтті.
Семинарға қатысушылар заманауи білім беру жүйесіндегі тәсілдің негізгі идеяларымен, мүмкіндіктерімен танысты.
Педагогтың кәсіби қызметінде табысқа жету үшін жеке ресурстарды анықтау және оны тиімді пайдалану жүзеге асырылды. STEM технологиясына бағытталған бірқатар практикалық жаттығулар топта жұмыс істей алатын, жеке дағдыларды дамытуға және іске асыруға, оларды өздігінен білім алуға, өзін-өзі жетілдіруге, іздеу қызметін ұйымдастыруға, зерттеу жобаларын жасауға қабілетті педагогтың шығармашылық және кәсіби тұлғасын ашуға ықпал етті.
Практикалық жаттығулар жобалау дағдыларын, болжау және модельдеу дағдыларын қалыптастыруға көмектесті. Өзін таныстыру, шешендік өнерді дамыту, педагогикалық ұжымда жайлы әлеуметтік - психологиялық климатты сезіну, проблемалық аймақтан тиімді шешу аймағына көшу және т.б. бағыттарында тапсырмалар орындалып, тренигтер өткізілді.