15 мамыр халықраралық отбасы күніне арналған спорттық эстафеталық жарыс өтті. Елбасының жолдауында көрсетілгендей, бұқаралық спортты дамыту, отбасы бірлігін нығайту, дені сау білімді ұрпақ мақсатында өткізілген жарысқа 7 команда қатысты. Жарыстың ерекшелігі ата-ана, студентпен бірге топ жетекшісі қатысып спорттық шеберліктерін көрсетіп, жанкүйерлердің көңілдерін бір көтеріп тастады.
Жарыс бағдарламасына сай кедергілер арасымен эстафеталық таяқшаны беру, қапшықпен жүгіру, секіргішпен секіру, допты аяққа қысып секіру, кеглиден айналу, допты кеглиге тигізу, кедергілер арқылы, төннелден өту, арқан тарту түрлері бойынша өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды ЗЧСа-21 тобынан Беріковтер жанұясы, 2-3 орын ЭМиОа-21 Ермековтер, ЗЧСа-21 Сағынғали отбасы жеңіп алды.
Жеңімпаз жүлдегерлер колледж әкімшілігі атынан дипломдармен марапатталды. Жарысқа белсене қатысқаны үшін ЗЧСа-21тобынан Писарев Дмитрий, Тонких Александра, ТЭМОа-21тобынан Алмаз Ильяс отбасылары алғыс хаттармен марапатталды.