Колледжіміздің 89-шы түлектері үлкен өмірге жолдама алды.
Түлектер колледж қабырғасында білім алып, өндірісте тәжірибе жинап, мамандықтың қыр-сырын жетік меңгерді. Колледжішілік, қала, облыс және республика көлемінде өткізілген әртүрлі деңгейдегі білім бәсекелеріне, түрлі мәдени, қоғамдық шараларға қатынасып қолтаңбаларын қалдырды.
400-ге жуық түлектің ішінде түрлі деңгейдегі білім сайысына қатысып, жақсы жетістіктерге жеткен, өте жақсы оқып, білімімен ерекшеленген 11 студент «Үздік дипломға» ие болса, өз білімдерін өндірісте шыңдаған бірнеше түлек «ПКФ Континет КО ЛТД» ЖШС, «Western Solutions» ЖШС, «АтыраунефтеМаш» ЖШС мекемелеріне жұмысқа қабылданып, алғашқы еңбек кітапшаларын алды.
Салтанатты рәсім барысында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай мен газ университетінің ректоры грантына үміткер болған 13 студенттің арасынан топ жарған түлегіміз Бекболатұлы Санжар ректор грантына ие болды.
Құрметті түлектер! Сіздер Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі дипломын ала отырып, Тәуелсіз Қазақстанның лайықты азаматы болып, Егеменді еліміздің гүлденуіне өзіндік үлес қосады деп сенеміз!
Сіздерге денсаулық, сәттілік, жетістіктер мен биіктерді бағындырудағы еңбектеріңізге жеміс тілейміз.