1 ай бұрын IT бағыты бойынша құзіреттілік орталық базасында "2d, 3d модельдеу негіздері" тақырыбында ақылы базалық курстың екінші кезеңін бастаған болатынбыз.
Бүгін курс қатысушылары қорытынды емтихан тапсырып, 1 ай бойы жинақтаған практикалық дағдыларын көрсетті.
Осы жолғы курсқа қатысуға өтініш білдіргендер қатарында Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 2 курс студенттері де болды. Олар курстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, өз ризашылықтарын білдірді.
Курсты сәтті аяқтап, арнайы сертификаттармен марапатталған студенттерді құттықтай отырып, бұл деңгеймен тоқтап қалмай, Политехпен бірге кәсіби деңгейге жетуге шақырамыз