Этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өтті.
Бұл бастамаға колледжіміздің 300-ге жуық студенті мен 16-оқытушысы белсене қатысып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдық маңызын арттыруға өз үлестерін қосты.