«Педагогтерді аттестациядан өткізу қағидалары мен шарттары: өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында колледж педагогтарына арналған семинар өтті.
Семинар барысында педагогтарға біліктілік санаттарын беру тәртібі туралы ақпараттар беріліп, түсінік жұмыстары жүргізілді. Аттестаттаудың кезеңдері, Ұлттық біліктілік тестіден өту, эссе жазу тәртібі, қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау, портфолио бағалаудың өлшемшарттары және оған қойылатын талаптар сөз болды. Семинар соңында педагогтар аттестаттауды өткізу қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.