Күз - жылдың бірден-бір керемет мезгілі. Бұл мезгіл әрбір адамды терең сезімге бөлейтіні сөзсіз. Күздің алтын жапырақтары ғашықтардың жүрегін тебірентеді. Сондықтан да бұл мезгіл "Алтын күз" делінеді.
3-қараша, бұл күнді барлық Атыраулық жастар асыға күтті. Себебі бұл күні Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Сана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық ЖОО мен колледждер арасында «Күзгі бал-2022» байқауы өтті.
Бұл сайысқа қаладағы 2 жоғарғы оқу орны мен 9 колледжден 11 жұп қатысты.
Мерекелік сайысқа қатысқан әр жұптың өзіндік ерекшеліктері болса да, креативті таланттарымен әділқазылар алқасын жаулап алған колледжіміздің студенттері Рыскалиев Алдияр мен Досжанова Жанель жұбы бірінші орынды жеңіп алып, 150 000 теңгелік сертификатқа ие болды.
Осындай қызықты да әсерлі кештің өтуіне ұйытқы болған ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!