Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен облыстық оқу орындарының қазақ тілін еркін меңгерген өзге ұлт студенттері арасында «Ұлт үні» байқауы өтті.
Бұл байқауға қазақ тілінде туған тіліндей сөйлейтін ұлты орыс болса да жүрегі қазақ деп соққан колледжіміздің белсенді студенті Аканова Оксана қатысып, 8 оқу орны қатысқан сайыста өзінің шын патриоттық сезімін халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, өнерімен көрсетіп, жүлделі 2-орын алып және 60 000 теңгелік сертификат иесі атанды.
Жарайсың, Оксана! Біз сендей студентімізбен мақтанамыз!