Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жас дарынды спортшыларды дайындау және іріктеу мақсатында Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Сана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық ЖОО мен колледждер арасында облыстық спартакиада өткізілді. Қызықты және тартысты түрде өткен спорттық жарыстардың кіші аяқ доп ойыны бойынша қатысқан 13 команда ішінен колледж құрамасы жүлделі 3-орынды жеңіп және 100 000 теңгелік сертификат иесі атанды.