С.Мұқашевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Өркенді өмірдің ізі» атты онкүндіктің жабылу салтанатты шарасы өтті. Шараға С.Мұқашевтың ұрпақтары арнайы келіп, «Саламат-ата» қорының атынан 2 Үздік студент Достан Жанарыс, Ақбисен Бекзатты және 2021-2022 оқу жылының қорытындысының рейтингісі бойынша жетістіктерге жеткен үздік педагогтар: Ербатырова Махаббат, Тасимова Ляззат, Хайруллина Гүльназ, Кабдешова Гаухар, Эльдарова Заира арнайы сертификаттармен марапатталды.
Мұқашев Мұрат Саламатұлы колледж басшылығына, ұстаздар мен студенттерге алғысын білдіріп, маман даярлау ісінде еңбектеріне шығармашылық табыстар тіледі.
Онкүндік аясында облыстық деңгейде және колледжішілік түрлі интеллектуалдық ойындар, оқу-әдістемелік байқаулар, тәрбиелік шаралар және спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Байғанинқызы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары арасында өткен «Үздік кіріктірілген сабақ», «Үздік бейне-сабақ» байқауларының жүлдегерлерін құттықтады. Байқауға облыстың аудандық және қалалық колледждерінен 40-қа жуық педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Жүлдегерлер дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Үздік кіріктірілген сабақ» байқауы:
Халелова Қарлығаш, Корганбаев Нурлан - І орын О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі;
Эльдарова Заира, Кусаинова Гульбану – ІІ орын С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі;
Ербатырова Махаббат, Жумагалиева Эльвира – ІІІ орын С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі;
Сәлімгереева Ақмарал, Избулова Арайлым – ІІІ орын О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі;
«Үздік бейне - сабақ» байқауы:
Қайыр Темір – І орын Атырау энергетика және құрылыс колледжі;
Кабдешова Гаухар – ІІ орын С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі;
Есетова Әсел – ІІІ орын О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі;
Атырау аймақтық дене тәрбиесі дамыту орталығының директорының орынбасары Сания Жұматайқызы онкүндік барысында кіші аяқ доптан 62 команда 496 студент қатысқан жарыста жүлделі орын алған студенттер мен командаларды да марапаттады.
Онкүндік барысында ұйымдастырылған тәрбие шараларына белсене қатысқан студенттерге «Жастар Рухы» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалы төреағасы Абылай Құрметұлы алғыс хат табыстады.
Шара соңында колледж студенттері ақын жазушылардың өлең жолдарын оқып, концерттік бағдарлама арнады.
Мемлекет және қоғам қайраткері, колледж түлегі С.Мұқашевтың өмірлік өнегесі мен өмір жолын тану, тәлімін тыңдау, жазған кітабынан өлеңдерін оқу арқылы жастар тәлім - тәрбие алады. Оның туған жерінде де, еңбек еткен орындарында да үнемі ең сыйлы, еңбегі сіңген азамат, ел ағасы екендігін жастарға дәріптеу басты міндетіміз.