С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінде «Жұмыс беруші күні» шарасы өтті. Шараға Атырау облысының ірі кәсіпорындарының басшылары, яғни «ЕмбіМұнайГаз» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қ. Қасымғалиев, «KPI Inc» ЖШС басқарма төрағасының өндіріс және технология жөніндегі орынбасары Д. Козырев, «Қазақтелеком» АҚ Атырау филиалы директоры Н.Жумабаев, «Атырау облысы Төтенше Жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Атырау қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Н.Жақанов, «АМӨЗ» ЖШС өкілі О.Искалиев және басқа да серіктес кәсіпорындар өкілдері, Атырау облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Суюнбаев, Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары А.Дүйсекенова қатысты.
Іс-шараның мақсаты- кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен одан әрі тиімді ынтымақтастық орнату.
Шара барысында жұмыс берушілер үшін колледж бойынша танысу экскурсиясы және тренинг ұйымдастырылып, кадрларды даярлауда өзекті мәселелері: академиялық тәуелсіздік, дуалды оқыту, Worldskills қозғалысын дамыту, колледждерде қатаң белгіленген оқу мерзімін жою, мемлекеттік мақсатты тапсырысты орналастыру, студенттерді жұмысқа орналастыру және т.б тақырыптары талқыланды.
Кездесудің екінші бөлімінде өткен колледжінің қамқоршылар кеңесінің отырысын кеңестің төрағасы «ЕмбіМұнайГаз» АҚ төрағасының орынбасары Қ. Қасымғалиев жүргізді. Күн тәртібінде 2022 жылдағы атқарылған жұмыстар есебі, қаржыны игеру, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балаларға көмек қарастыру, WS чемпионаттарын ұйымдастыру бағытында кәсіпорындар тарапынан қолдау көрсету, біліктілікті тәуелсіз бағалауды енгізу және дуалды оқытуды дамыту бағытында бірлесіп жұмыс істеу және жұмыс берушілер мен колледждер арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеру туралы мәселелер талқыланды.
Үздік деп танылған жұмыс берушілер «Ембімұнайгаз» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС, «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС ҚР Оқу-ағарту министрі А. Аймағамбетовтың және Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының алғыс хаттарымен марапатталды.